Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

«Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бiрыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерiн түзету туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының
2018 жылғы 13 сәуiрдегi №6-18-4 шешiмiне
өзгерiстер енгiзу туралы
Айыртау ауданы мәслихатының шешiмiне пресс-релизi

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бiрыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерiн түзету туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуiрдегi №6-18-4 шешiмiне (2018 жылғы 04 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау электрондық түрдегi банкiнде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4695 болып тiркелген) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген шешiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерi туралы»;

көрсетiлген шешiмнiң кiрiспесi жаңа редакцияда баяндалсын:

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) (бұдан әрi-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстiң 503-бабында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерi он есеге арттырылсын.»;

2. Осы шешiм ресми жариялануы тиiс және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы

Солтүстiк Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
хатшысы Б.Жанахметов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже (ZIP 11 Kb)

Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Құрметті салық төлеушілер! «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықты

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызме

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Послание президента РКГосударственные символыПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиEXPO